Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:22, 15-02-2019.

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі төменгі қысым аймағында және сонымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Республиканың оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, тек оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз кейде қар жауады, түнде және ертеңгісін тұман, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с құбылмалы жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-4, түнде -14-16.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0, түнде -1-3 шамасында.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +6+8 , түнде 0-2.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -13-18 (оңтүстігінде -10).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз -4-9, түнде -13-18.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде – қар, кей жерлерде қалың қар жауады, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ, 15-20 жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -1-6.
Алматы облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қалың қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде 0-5 (солтүстігінде -19).
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -10-15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -17-22.
Түркістан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз +4+9, түнде -3+2.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -5-10 (оңтүстігінде -2).
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі, тұман. Күндіз -2+3, түнде –3-8.
Ақтөбе облысында аздаған қар жауады. Күндіз -3-8, түнде -15-20 (шығысында -25).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы аумақтарында қардың еруі және өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: