Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:19, 18-01-2019.

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман, көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +3+5.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады, 3-8 м/с жел тұрады. Күндіз +11+13, түнде +4+6.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с дейін жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде -2-7.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -1-6, түнде -4-9.
Маңғыстау аздаған жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2+3
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Ақтөбе облысында аздаған қар жауады, тұман. Түнде және күндіз -2-7.
Қызылорда облысында күндіз қар аралас аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с дейін жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 0+5, түнде -4+1.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -8-13.
Шығыс Қазақстан облысында түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, күндіз Жарма ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -8-13, түнде -13-18.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде -4+1.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Қостанай облысында күндіз және түнде қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қарағанды облысында күндіз аздаған жауын-шашынды, тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Ақмола облысында күндз және түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, күндіз 15-0 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -11-16.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде мұз қату құбылысы әлсірейді және су деңгейінің көтерілуі мүмкіні», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: