Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, оңтүстік-шығысында, орталығы мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл соғады, солтүстігінде дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен түнде 5-10 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2, топырақта 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +17+19.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +21+23.
Шымкентте бұлтты, 5-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +15+17.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +2+7.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +2+7.
Қызылорда облысында күндіз дауыл тұрады, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ өңірде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +19+24, түнде +15+20.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаубыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде түнде және ертеңгісін тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде 3 градус үсік болады. Күндіз +20+25, түнде +5+10 (солтүстігінде -3)
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді,кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Күндіз +16+21, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +16+21.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, 1-8 градус үсік күтіледі. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде -1-6.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман сақталады, 1-8 градус үсік сақталады. Күндіз +8+13, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +12+17.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде -1-6.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26