Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсз ауа райы сипаты сақталады, жауын-шашын болады, солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Тек республиканың батысына антициклон тарамы ықпал етіп, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 30 м/с күшті жел тұрады», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз кейде 25 м/с болады. Ауа температурасы күндіз -3-5, түнде -8-10.
Алматыда бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде +2+4.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7.
Ақмола облысында 15-20 жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын соғады. Күндіз -3-8, түнде -7-12.
Солтүстік Қазақстан облысында да 15-20 жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Шығыс Қазақстан облысында 15-20 жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын. Күндіз және түнде 0-5.
Қостанай облысында 15-20 жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Павлодар облысында да 15-20 жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын. Күндіз және түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -5-10.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -3-8.
Жамбыл облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз және түнде 0+5.
Түркістан облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде +3+8.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 18 м/с жел тұрады, бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Атырау облысында кей жерлерде 18 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз өңір бойынша, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде +1+6.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
«Алдағы күндері республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы су нысандарында мұз қату процесі ары қарай күшейеді, оңтүстік-шығыстағы және Сырдарияның төменгі өзендерінде күн жылынуына орай мұз қату процесі әлсірейді және су деңгейі ары қарай көтеріледі», - дейді синоптиктер

adimage