Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Солтүстік циклон жылғасымен және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Қазақстанның тек батысында ғана антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын соғады», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, көктайғақ, төменнен сырма соғады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік -батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1-3, күндіз ары қарай төмендей береді.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +5+7, түнде 0 шамасында.
Шымкентте бұлт шығады, кейде жауын-шашынды (жаңбыр жауады). Түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғып, солтүстік батысқа ауысады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +3+5, түнде 0+2.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде 0-5.
Қостанай облысында да кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -8-13, түнде -13-18.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Павлодар облысында да кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, түнде бұрқасын соғады, көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде -10-15.
Жамбыл облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
Түркістан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тауларда қар күшейеді, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +1+6, түнде -2+3.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Қызылорда облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, басым бөлігінде көктайғақ, кей жерлерде тұман, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады. Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде мұз қату үдерісі төмендейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - дейді синоптиктер

adimage