Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты байқалатын болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-батысында түнде жауын-шашынды (жаңбыр, жылымық қар), бұршақ жаууы мүмкін. Тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, түнде солтүстік-батысында көктайғақ, күндіз оңтүстік-батысында және оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +14+16.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түстен кейін жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік – батыстан түнде 0-5 м/с жел тұрады, күндіз күн күркірегенде 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13, күндіз +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғып, ол солтүстік-батысқа ауысады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +19+21.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 25 м/с, кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +7+12, түнде +1+6.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл, 15-20 м/с шаңдц дауыл соғады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +1+6.
Ақмола облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл соғады. Күндіз +14+19, түнде +7+12.
Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-23 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +8+13.
Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-23 м/с жел тұрады, бұршақ ажууы мүмкін, батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, 15-23 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік болады, шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +13+18, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, солтүстігінде төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +20+25, түнде 0+5.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 18 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін аздап мұз қатады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Ақтөбе облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.

adimage