Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Казгидромет РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыша ортылығы Солтүстік Урал үстінде орналасқан циклонның ықпалында болады. Соған байланысты қар жауады, оңтүстік-батысында кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жел күшейеді, бұрқасын соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне қар жауады), бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз және түнде -1-3.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -4-6.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +3+5, түнде -2-4.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоары, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз +3+8, түнде -2-7.
Павлодар облысында бұрқасын сақталады, кей жерлерде көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан жа жоғары, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -2-7, түнде -4-9.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -4+1, түнде -2-7.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз +1+6, түнде -4+1.
Ақмола облысында түнде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасындатады, көктайғақ. Күндіз және түнде -4+1.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қар күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -2+3.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, төменнен сырма соғады. Күндіз және түнде -3-8.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз және түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
«Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату әлсірейді, су деңгейі көтеріледі», - деп ескертті синоптиктер


adimage