Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, жел тұрады деп күтілуде

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне бұрынғыша Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді – күн күркіреп, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында қар жауады, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, таулы аудандарында қалың жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел тұрады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады. тек еліміздің батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашынсыз. Шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа райы күндіз +11+13, түнде 0-2.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 3-8, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +8+10, күндіз +13+15.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +20+22, түнде +13+15.
Ақмола облысында күндіз +10+15, түнде 0-5 (солтүстігінде +3).
Ұлытау облысында шығысында түнде -2 дейін үсік жүреді. Күндіз +11+16, түнде +2+7.
Қарағанды облысында күндіз +7+12 (оңтүстігінде +5), түнде 0, -5 (оңтүстігінде +3+8).
Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз +10+15, түнде -1+4 (шығысында -4).
Қостанай облысында күндіз +12+17, түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Ақтөбе облысында күндіз +18+23, түнде +5+10 (батысында +13).
Абай облысында күндіз +7+12 (оңтүстігінде +15), түнде -2-7 (оңтүстігінде +1).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +6+11 (шығысында +3), түнде -4-9 (оңтүстігінде +1, шығысында -12).
Павлодар облысында күндіз +8+13, түнде 0, -5.
Алматы облысында күндіз +13+18 және түнде +7+12.
Жетісу облысында күндіз +12+17, түнде +6+11.
Түркістан облысында күндіз +17+22, түнде +12+17.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +23+28, түнде +8+13.
Атырау облысында күндіз +25+30, түнде +10+15.
Маңғыстау облысында басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысында орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Жамбыл облысында күндіз +15+20, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде қалың жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. РФ шекарасынан судың келуіне байланысты Жайық өзенінің су деңгейі арнасынан асады деп күтілуде», - деп ескертті синоптиктер.

adimage