Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райыны бұрынғыша Кар теңізі ауданынан соғатын кезекті циклон анықтайтын болады, соның салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауады, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркірейді, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14, түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +5+7.
Алматыда күн бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады, найзағай. 0-5 м/с жел тұрады, найзағай кезінде 10 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +7+9.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай. Кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +13+18, түнде +7+12.
Ақмола облысында жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +1+6.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +19+24, түнде +6+11.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай, тұман түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +4+9.
Түркістан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, 15-20 м/с шаңды дауыл тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +16+21, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +3+8.
Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауады. Тұман түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +13+18, түнде +4+9.
Алматы облысында жаңбыр жауады, найзағай. 15-22 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +16+21, түнде +6+11.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +21+26, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер


adimage