Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің себебінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысы мен орталығында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батысында – түнде және ертеңгісін тұман», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +14+16.
Алматыда бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады, найзағай кезінде 10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +18+20.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23 (оңтүстік-батысында +26+31), түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).
Алматы облысында жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +14+19.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+33, түнде +15+20.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +14+19.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +12+17.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, тұман түсуі мүмкін. Күндіз +18+24 (оңтүстік-батысында +29), түнде +5+10 (оңтүстігінде +15).
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +11+16.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +30+35 (оңтүстігінде +27), түнде +17+22 (солтүстігінде +14).
Атырау облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +12+17.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23+28 (оңтүстігінде +31), түнде +8+13 (оңтүстігінде +16).
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады. Күндіз +27+32 (оңтүстігінде +35), түнде +13+18 (оңтүстігінде +22).
«Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп ескертті синоптиктер

adimage