Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:25, 07-06-2019.

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, тек батысында және оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады, боран соғады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +8+10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 0-5 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +30+32.
Шымкентте күн бұлтты, 4-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +13+15.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлреде тұман түседі, боран соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз де 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +5+10.
Қостанай облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +6+11.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +5+10.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +19+24, түнде +7+12.
Павлодар облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Ақмола облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +5+10.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Түркістан облысында таулы жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +13+18.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +12+17.
Алматы облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +16+21.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +26+31.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +17+22.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Шығыстағы өзендерде Шүлбі су қоймасынан судың келуіне байланысты су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: