Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғысынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынды, республиканың батысында, оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне қар жауады), төменнен сырма соғады, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, кейде екпіні 15-20 м/с, 0+2. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, түнде тұман, 2-7 м/с жел тұрады, +7+9.
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 жел тұрады, Шығыс Қазақстан облысыда екпіні 25 м/с, сәйкесінше, -2+3, -3+2, 0+5, +3+8.
Павлодар облысында – аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, 0+5.
Қостанайда, түнде және ертеңгісін Қызылорда облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, +3+8, +12+17.
Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, +7+12.
Маңғыстауда, түнде және ертеңгісін Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде тұман, +15+20, +15+20, +13+18.
Ақтөбе өңірінде жауын-шашынсыз, +10+15.
Алматы, Түркістан облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады, Алматы облысында тұман, +6+11, +12+17.
Алдағы тәулікте Қайраққұм су қоймасынан ығысқан судан толқынның таралуы салдарынан Шардара су қоймасына судың келуінің артуы сақталады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде қар аралас жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейі құбылып тұрады.
Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
