Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:33, 14-06-2019.

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды, найзағайлы ауа райы сақталады, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік- батысында шаңды дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +11+13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +16+18.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +5+10.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +13+18, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +5+10.
Атырау облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде аздаған найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, шаңды жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +18+23.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +20+25.
Түркістан облысында таулар мен тау маңдарында өткінші жаңбыр жауады, күндіз тауларда найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +15+20.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-22 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +17+22.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +6+11.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +14+19, түнде +10+15.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +3+8.
Алматы облысында таулар мен тау маңдарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, тауларда найзағай ойнайды. Күндіз +26+31, түнде +13+18.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: