Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін

Күні: 09:24, 22-02-2019.

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз 0-2.
Шымкентте бұлтты, кейде 10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде -6-9.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1-6, түнде -8-13.
Павлодар облысында да кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4-9, түнде -12-17.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +4+9, түнде -4-9.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +3+8, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз -3+2, түнде -4-9.
Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, тұман, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз және түнде 0-5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Атырау облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде 0-5
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың еруі және қар суының қалыптасуы, мұз қату құбылыстарының әлсіреуі мүмкін. Жазықтық аумақтағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.




Жаңалықтармен бөлісу: