Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды

Күні: 09:17, 05-10-2018.

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды,  деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіне бұрынғыша антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батысында ғана атмосфералық  фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынды, оңтүстік-батысында найзағай ойнайды.  Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада болжам бойынша аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 5-10  м/с жел тұрады, күндіз +20+22. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі..
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +24+26.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, +23+28.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстауда, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +26+31, +10+15, +15+20, +13+18, +17+22, +20+25. Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінде жаңбыр күтіледі.  
Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екі облыста сәйкесінше +13+18.  Атырау облысында жаңбыр жауады.  
Түркістан, Қызылорда облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз,   +27+32, +26+31.
Ақмола, Павлодар және Қарағанды өңірлерінде жауын-шашынсыз, сәйкесінше,  +17+22, +18+23, +18+23.
Түркістанда, Маңғыстауда, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.  
Алдағы тәулікте синоптикалық болжамдарға сүйенсек, Республика өзендерінде өзгерістер күтілмейді. Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария  өзенінде су деңгейінің құбылуы күтіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: