Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз болады

Күні: 09:24, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақтанады, тек батысында ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз кейде жауын жауады, таңертең тұман түсіп, көктайғақтанады, батыстан 9-14 м/с,  ауа температурасы күндіз +1+3 болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашын, 2-7 м/с жел тұрады, ауа температурасы +6+8 болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде, Ақмола облысының кей жерлерінде аздап жауын-шашындатады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, -2+3, 0-5 және 0+5.  Павлодар облысының кей жерлерінде аздап жауын-шашын, тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, 0+5. Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, күндіз ауа температурасы 0+5.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы +8+13.
Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+10. Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, +2+7. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында жауын-шашын, тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +2+7 және 0+5 болады. Маңғыстау және Атырау облысында кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде көктайғақтанады, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +5+10 және +3+8.  Батыс-Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +2+7. Ақтөбе облысында жауын-шашын, ауа температурасы күндіз 0+5.
Жақын күндері оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығысының таудағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Қайраққұм су қоймасынан ағызатын су көлемінің артуы себепті Сырдария  өзенінде Шардараға құйылатын су көлемі артады.


Жаңалықтармен бөлісу: