Жұма күні Қазақстанның батысында және солтүстік-батысында ғана жаңбыр жауады

Күні: 09:16, 26-10-2018.

Астана. 26  қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысында  және солтүстік-батысында ғана жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында және солтүстік-батысында ғана  атмосфералық фронттардың  өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады.  Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан  3-8 м/с жел тұрады, +11+13.   Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +18+20.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, күндіз Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, +17+22.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  түнде және ертеңгісін тұман күтіледі, +15+20, +5+10, бұл ретте Маңғыстау өңірінде жаңбыр күтіледі.
Қостанайда, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Атырау облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, сәйкесінше,
+11+16, +23+28, +7+12, +11+16, +18+23, +8+13, +10+15. Бұл ретте, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауады.  
Жамбыл және Түркістан өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, +21+26, +24+29.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жауын-шашынсыз, екі өңірде де +10+15.  
Алдағы тәулікте  Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде ағыстық реттеулер есебінен су деңгейі көтерілуі мүмкін, еліміздің шығысындағы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады.    


Жаңалықтармен бөлісу: