Жұма күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 30 маусым. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«01 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 01 шілде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 01 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
«1 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деді «Қазгидромет».
01-02 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 01 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. 02 шілдеде жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 01 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«01 шілдеде Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage