Жұма күні Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын және қатты аяз күтіледі

Күні: 09:26, 08-02-2019.

Астана. 8 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын және қатты аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, батысында, солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде жауын-шашынды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік –шығыстан, оңтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -35-37, күндіз -20-22.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -5-7.
Шымкентте бұлтты, 2-6 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +4+6 , түнде -6-8.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с, кей жерлерде бұрқасын, түнде қатты аяз болады. Ауа температурасы күндіз -18-23, түнде -31-36.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы күндіз 0-5, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман. Күндіз -10-15, түнде -30-35.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде қатты аяз болады. Күндіз -20-25, түнде -35-40.
Түркістан облысында кей жерлерде түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады, тұман. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде -5-10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0+5.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз болады. Күндіз -13-18, түнде -23-28.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -2-7, түнде -15-10.
Жамбыл облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде-тұман. Ауа температурасы күндіз -1-6, түнде -8-13.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -23-28, түнде -33-38.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз. Күндіз -25-30, түнде -37-42.
Қарағанды облысында кей жерлерде қатты аяз болады. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -16), түнде -28-33 (оңтүстігінде -24).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде мұз қату құбылысы ары қарай күшеюі және су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді », - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: