Жұма күні Қазақстанның бірнеше аймағында жаңбыр жауады

Күні: 09:36, 23-08-2019.

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның бірқатар облыстарында жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағым бөліктерінің өтуімен, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Шығыста кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте және орталықта кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік бағытта желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде + 8 + 10, күндіз + 23 + 25 градус.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Жел секундына 3-8 метр. Температура түнде + 17 + 19, күндіз + 25 + 27.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура түнде + 17 + 19, күндіз + 32 + 34.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 22 + 27, түнде + 7 + 12.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 25 + 30, түнде + 14 + 19.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 17 + 22, түнде + 7 + 12.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Күндіз + 20 + 25, түнде + 5 + 10.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Күндіз + 21 + 26, түнде + 7 + 12.
Павлодар облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Күндіз + 21 + 26, түнде + 6 + 11.
Алматы облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел күшейеді. Күндіз + 22 + 27, түнде + 15 + 20.
Күндіз Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 30 + 35, түнде + 14 + 19.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 28 + 33, түнде + 15 + 20.
Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық болады. Күндіз + 33 + 38, түнде + 23 + 28.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 33 + 38, түнде + 20 + 25.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық болады. Күндіз + 29 + 34, түнде + 15 + 20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қатты аптап ыстық болады, оңтүстікте кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 27 + 32, түнде + 11 + 16. Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 24 + 29, түнде + 8 + 13.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстік-шығыс және шығыстағы тауларында жаңбыр жауады деп болжанған су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді », - деп хабарлады синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: