Жұма күні Қазақстанның екі облысында қалың қар жауып, жел күтіледі

Күні: 19:23, 31-01-2019.

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Синоптиктер Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы қолайсыз ауа райы салдарынан дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан 15-20 м/с жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с жетеді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, Өскеменде 1 ақпанда бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
«1 ақпанда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман сақталады, көктайғақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді», - деп ескертті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: