Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрады, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде 19+21.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан 8-13 м/с жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +36+38, түнде +22+24.
Ақмола облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +21+26, түнде +18+23.
Қостанай облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +15+20, түнде +8+13.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +20+25, түнде +13+18.
Павлодар облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екіні 23-28 м/с жетеді, күндіз қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +19+24.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +19+24.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады,бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+30+35, түнде +13+18.
Алматы облысында таулы және тау маңы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел күтіледі, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +19+24.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз+20+25, түнде +8+13.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қызылорда облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +28+33 (оңтүстігінде +36), түнде +16+21.
Атырау облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауы, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +22+27.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз +27+32, түнде +17+22.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
