Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ғана жауын-шашынсзыз

Күні: 09:17, 14-12-2018.

Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ғана жауын-шашынсзыз, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі, оңтүстігі мен оңтүстік шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік шығыстан секундына 2-7 метр жел тұрады. Түнде -15-17, күндіз -7-9. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Түнде температура -1-3, күндіз +5+7.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 0-1 метрге дейін жетеді. Түнгі температура 0+2, күндіз 13+15.
Атырау облысында күндіз және түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында түске дейін кей жерлерде жауын-шашынды, түстен кейін түнде облыстың барлық аумағында жауын-шашын болады деп болжануда, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын. Ауа температурасы күндіз 0-5, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде облыстың барлық аумағында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында күндіз және түнде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0+5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 18-26 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -1-6
Жамбыл облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -3+2.
Қызылорда облысында күндіз аздаған жауын-шашын күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Қостанай облысында күндіз азадаған қар жауады, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кейбір жерлерде тұман болжануда. Күндіз +10+15, түнде -1+4.
Ақмола облысында күндіз және түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз аздаған қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, күндіз -7-12, түнде -14-19.
Павлодар облысында да күндіз және түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -10-15
Қарағанды облысында күндіз аздаған қар жауады, түнде –жауын-шашынсыз, кейбір жерлерде тұман күтіледі, күндіз -3-8, түнде -13-18, облыстың оңтүстігінде -8.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз және түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтілуде. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
«Алдағы күндерде республиканың шығысындағы және оңтүстік шығысындағы жазықтық аумақтарда ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар суының ағыны қалыптасуы мүмкін», - деп болжайды синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: