Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:17, 28-12-2018.

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты жауын-шашын болады, тек республиканың оңтүстігі мен шығыснда ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -9-11, түнде -19-21.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы 0+2, түнде -5-7.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, 3- 7 метр/секунд жел тұруы мүмкін. Күндіз +11+13, түнде -1+1.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -8-13, түнде -19-24.
Батыс Қазастан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -3-8.
Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с дейін жетуі мүмкін, көктайғақ. Күндіз -8-13, түнде -20-25.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. күндіз 0+5, түнде -1-6
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -22-27.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -18-23, түнде -30-35.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында 20-28 м/с жел тұрады, солтүстігінде қатты аяз сақталады. Күндіз -2+3 (солтүстігінде -8-13), түнде -5-10 (солтүстігінде -17-22).
Түркістан облысында кей жерлерде тұман. Күндіз +9+14, түнде -3+2.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -12-17, түнде -22-27.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік шығысындағы өзендерде, сондай-ақ Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде ауа райының жылынуына байланысты мұз қату әлсірейді деп күтілуде, су деңгейінің көтерілуі және құбылуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: