Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік - батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +25+27.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +30+32.
Шымкентте күн ашық, 5-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +18+20.
Ақмола облысында кей жерлерде дауыл тұрады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +11+16.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +21+26, түнде +15+20.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады. Күндіз +28+33, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді.
Павлодар облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде кей жерлерде өткінші кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жауады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Қызылорда облысында қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +35+40, түнде +21+26.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты ыстық сақталады. Күндіз +30+35, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +12+17.
Түркістан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +15+20.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +18+23.
Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +16+21.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
