Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде бұрынғысынша жаңбыр жауады, республиканың орталығында нөсер жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде төменнен сырма соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, ол солтүсік-батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +8+10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Екпіні 2-7м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +13+15.
Шымкентте бұлтты, кей жерлерде күн күркірейді, 5-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +5+7.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Күндіз +17+22, түнде +6+11.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр күшейеді, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +5+10, түнде +3+8.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с болады нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қар мен жаңбыр күшейеді, күн күркіреуі мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз +7+12 (оңтүстігінде +15), түнде +3+8.
Ақмола облысында төменнен сырма соғады, кей жерлерде аздаған тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында төменнен сырма соғады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде 0-5.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +5+10, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +2+7.
Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +5+10.
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде таулы аудандарда аздаған қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде күн күркірейді, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +5+10, кей жерлерде -2 дейін үсік күтіледі.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде +6+11.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 16 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +7+12.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууына байланысты (кей жерлерде нөсер жаңбыр) су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің сақталуы және жекелеген бөліктерінде азаюы байқалады. . Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде су деңгейінің жоғары белгісі сақталады. Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Сырдария өзенінде Қайраққұм мен Шардара су қоймаларынан судың келуіне орай су көлемінің артуы байқалады»,- деп ескертті синоптиктер.
Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз
