Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:29, 05-04-2019.

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым аумағында жауын-шашын түседі, республиканың оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде -көктайғақ», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +5+7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +18+20.
Шымкентте күндіз күн күркірейді, түнде бұлтты, 2-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +11+13.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде де аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде да аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -2+3.
Павлодар облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде +1+6.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында кей тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде +4+9.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде +2+7
Атырау облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде 0+5.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде -9-14.
Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +16+21, түнде +8+13.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +6+11.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, жергілікті және беткейлік ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: