Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:21, 31-05-2019.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстік-шығысы мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз, Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +26+28.
Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +30+32.
Шымкентте бұлтты, 3-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +18+20.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түндей кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +22+27, түнде +8+13.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, сонымен қатар күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +8+13.
Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +18+13.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, кей жерлерде күндіз 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +8+13.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +14+19.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +12+17.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +7+12.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +18+23.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгі сақталады. Ауа температурасы күндіз +31+36, түнде +17+22
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +31+36, түнде +18+23.
Батыс Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +31+36, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады, айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейінің төмендеуі жалғасады», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: