Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды

Күні: 09:30, 29-03-2019.

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым аумаында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, тек республиканың оңтүстік- шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрып, ол батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде +1+3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +9+11.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +6+8.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ, түнде басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз +2+7, түнде -2+3
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде дауыл соғады. Күндіз +9+14, түнде +4+9.
Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +16+21, түнде +6+11.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, тау және тау маңдарында нөсер жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -1-4.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлердежаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +6+11.
Павлодар облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде +4+9.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашын түседі, көктайғақ, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Атырау облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +7+12, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі жалғасады, республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сырдария өзенінде Шардара су қоймасына судың келуі артады деп күтілуде», - деді синоптиктер.



.


Жаңалықтармен бөлісу: