Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:30, 01-03-2019.

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды, солтүстігінде көбіне қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -4-6, түнде -13-15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде 0+2.
Шымкентте жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +3+5.
Алматы облысында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 18-23 жел тұрады, күндіз екпіні 29 м/с. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, төменен сырма соғады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Жарма ауданында екпіні 25 м/с болады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Ақмола облысында аздаған қар жауады, кей жерлерде төменнен сырма соғады, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0+5 (солтүстігінде -3), түнде -4-9 (оңтүстігінде +1).
Маңғыстау облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде-2+3.
Атырау облысында жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, күндіз кей жерлерде төменнен сырма соғады, көктайғақ, 18 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі, төменнен сырма соғады, 18 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -4-9, түнде -17-22
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -6-11 (оңтүстігінде -3).
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: