Жұма күні Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде күн ашық болады

Күні: 09:29, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстан аумағында жауын-шашын, тұман және көктайғақ, солтүстігінде сырма сақталады, тек оңтүстігі мен оңтүстік-батысында және батысында жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с,  ауа температурасы күндіз 0 градус шамасында болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +6+8 болады.
Ақмола, Қостанай облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, осы өңірдің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, -2+3 және 0-5 градус. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз 0-5. Павлодар облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, күндіз ауа температурасы 0,+5; осы өңірлердң жекелеген аудандарында сырма соғып, тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, 0-5 градус. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0,-5.
Жамбыл облысында, түнде Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында кей жерлерінде тұман түседі, жауын-шашынсыз, ауа температурасы сәйкесінше, +3+8, +3+8, +8+13 және +2+7.
Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +7+12, +7+12, 0,+5 және 0,+5 градус.
Жақын күндері Оңтүстік  Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағындағы Сырдария өзенінде су деңгейі артады деп күтілуде. Қазақстанның солтүстігіндегі, орталығы мен шығысындағы жекелеген өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғаса береді. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығысындағы өзен-көлдердегі гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Жаңалықтармен бөлісу: