Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлгінде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), тек ҚР оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түстен кейін қар жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -6-8.
Алматыда көшпелі бұлтты, түнде және ертеңгісін жауын-шашынды (жаңбыр, қар жауады), тұман, көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде 0-2.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +9+11.
Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -6-11, түнде -14-19.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын күтіледі, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -8-13.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -6-11, түнде -12-17.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -4-9.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қар күтіледі, түнде кей жерлерде азадаған қар жауады, кей жерелрде жаяу сырма соғады, тұман, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -13-18.
Павлодар облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -9-14.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жауын-шашын күітледі, тұман, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -1-6.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар күтіледі, түнде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -19-24.
«Алдағы тәулікте ШҚО жекелеген өзендерінде мұз қату құбылысы ары қарай әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы қалған таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның жазықтық аумағындағы су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

adimage