Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:31, 22-05-2020.

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр күтіледі, тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +7+9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +12+14.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +13+15.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел болады. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, найзайғай, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +9+14.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +4+9.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +4+9.
Павлодар облысында түнде өткінші жаңбыр жауады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қарағанды облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +20+25 (оңтүстігінде +28), түнде +4+9 (оңтүстігінде +13).
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Атырау облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с шаңды дауыл тұрады. Күндіз +32+37, түнде +13+18.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз +28+33, түнде +11+16.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркіейді, түнде және ертеңгісін тұман түседі. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
«Алдағы тәулікте республиканың жазықтық аумағында су көлемінің төмендеуі жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: