Жұма күні Қазақстанның орталығы мен оңтүстік бөліктерінде ғана жауын-шашын күтіледі

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның орталығы мен оңтүстік бөліктерінде ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, тек орталығы мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде кейде жаңбыр жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +22+24.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +23+25.
Шымкентте күн күркірейді, 6-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +10+12.
Ақмола облысында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +5+10.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз күн күркірейді, бұршақ жауады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +9+14.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз күн күркірейді, дауыл тұрады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Атырау облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады. Күндіз +20+25, түнде +14+19.
Маңғыстау облысында кей жерлерде күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +13+18
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -3 градус үсік сақталады. Күндіз +15+20, түнде +1+6.
Қызылорда облысында ертеңгсін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с желтұрды, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, 18 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +3+8.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде -1 градус үсік сақталады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +2+7 (шығысында -1).
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді», - деді синоптиктер.

adimage