Жұма күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 25 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 26 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтимадығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 26 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: күндіз 26 шілдеде найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«26 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage