Жұма күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Ақтау қ.: 29 қарашада түнде жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіліп, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 29 қарашада оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«29 қараша-1 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 29 қарашада таңертең және күндіз, 30 қараша-1 желтоқсанда тәулік ішінде кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.

adimage