Жұма күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 наурызда Қостанай облысының солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ бұрқасын күтіледі. Қостанай қ: 15 наурызда көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
15-17 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз 15 наурызда, тәулік бойы 16 наурызда оңтүстіктен соғатын жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«15 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде, шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


adimage