Жұма күні Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:19, 12-10-2018.

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде ғана  атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада бұлтты, күндіз және ертеңгісін жаңбыр жауады,   оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с, +7+9. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +17+19.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с, ертеңгісін кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с, +3+8.
Қызылорда облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с, +15+20, +17+22.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с,
  +12+17, +2+7.
Ақмола, Қостанай облыстарында жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, +4+9.  
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде шаңды дауыл соғады, +18+23.  
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше,+9+14, +9+14, +3+8, +13+18. Бұл ретте Ақтөбе өңірінде аздаған жауын-шашын болады.  
Қарағанды облысында жауын-шашынды, Шығыс Қазақстан өңірінде жауын-шашын болмайды, екі өңірде де кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +10+15, +15+20.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, +17+22.    
Маңғыстауда, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте синоптикалық болжам негізінде, Республика өзендерінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.  


Жаңалықтармен бөлісу: