Жұма күні Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады

Күні: 09:00, 14-09-2018.

Астана. 14 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Антициклонның өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың солтүстігінде фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, шығысы мен оңтүстік-шығысында - тұман», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз,   7-12 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15 м/с, күндіз +21+23. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жаумайды, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22
Солтүстік Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с, +15+20.  
Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-25 м/с жел тұрады, аздаған жаңбыр жауады, +18+23.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанайда, күндіз Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады,  сәйкесінше,  +20+25, +19+24, +24+29, +20+25, +21+26, +25+30. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Ақмола, Қостанай облыстарында жаңбыр жауады.  
Түнде кей жерлерде үсік жүреді, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында -1-3, Қарағанды облысында-1-6.
Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, сәйкесінше,  +20+25, +29+34, +26+31,+23+28, +17+22, +12+17
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: