Жұма күні Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде

Күні: 09:20, 28-09-2018.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық  фронталдық бөліктер шығыс бағытпен араласып,  республиканың солтүстік-батысына, солтүстігіне өз ықпалын тигізіп отыратын болады, бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Республика бойынша түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан 9-14  м/с жел тұрады, +20+22. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +23+25.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлгінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, +20+25, +16+21.
Алматы облысында   Жалаңашкөл ауданында жаңбыр жауады, 18-23 м/с жел тұрады, +23+28.
Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Павлодар, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, +25+30, +25+30, +15+20, +10+15, +18+23, +18+23, +15+20. Жамбыл және Ақтөбе облыстарында аздаған өткінші жаңбыр жауады, Жамбыл облысында найзағай ойнайды.  
Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман,
+17+22, +16+21, +17+22.
Күндіз Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +21+26.  
Түркістанда, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.                                          
Алдағы тәулікте ел аумағының тау маңы өзендерінде су деңгейі аздап құбылады.  Қызылорда облысының шегінде су көлемінің төмендеуі күтіледі.
    


Жаңалықтармен бөлісу: