Жұма күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:50, 04-07-2019.

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«5 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде
5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«05 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6 шілдеде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.
«Петропавл қ: 5-6 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: