Жұма күні БҚО-да күшті жел, көктайғақ және тұман күтіледі

Күні: 11:48, 21-02-2019.

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында күшті жел, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 ақпанда БҚО-да бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Оралда жұма күні бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 18 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: