Жұма күні Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады деп күтілуде

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15- 20 м/с. Орал қ.: күндіз 12 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

adimage