Жұма күні Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:52, 13-12-2018.

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ - Жұма күні Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 14 желтоқсанда жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі», - делінген бейсенбідегі дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, 14 желтоқсанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Ақтөбе қ.: 14 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %


Жаңалықтармен бөлісу: