Жұма күні Батыс Қазақстанда қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:28, 11-10-2018.

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Батыс Қазақстан облысында қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.
«12 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде тұман, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді», - делінген бейсенбідегі дауылды ескертуде.  
Болжамға сәйкес, Орал қаласында 12 қазанда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.



Жаңалықтармен бөлісу: