Жұма күні KASE индексі 0,01%-ға өсіп, 2304,15-ке жетті

Күні: 19:06, 06-12-2019.

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,01% -ға 2303,95-тен 2304,15 дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 18,3% өсіп, Т20,3 млн. немесе $52,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,7%), KAZ Minerals PLC (+0,3%), «Кселл» АҚ (+0,001%), «KEGOC» АҚ (+0,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,06%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-0,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (-0,2%) бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: