Жұма күні KASE индексі 0,02%-ға түсіп, 2322,02-ге жетті

Күні: 19:34, 14-02-2020.

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,02% -ға 2322,5-тен 2322,02-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 14,7% түсіп, Т18,6 млн. немесе $49,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,7%), «Кселл» АҚ (+0,2%), «KEGOC» АҚ (+0,01%), «Қазатомөнерәсіп» ҰАК» АҚ (+0,7%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,03%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: