Жұма күні KASE индексі 0,03%-ға 2256,7-ге түсті

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,03% -ға 2257,4 -тен 2256,68-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,8 есе өсіп, Т119,5 млн. немесе $312,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,4%), «KEGOC» АҚ (+0,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,04%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,6%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,1%) акцияларының бағасы түскен.
«Кселл» АҚ акциясының құны өзгерген жоқ.

adimage