Жұма күні KASE индексі 0,1%-ға 2362,3-ке түсті

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,14% -ға 2365,55-тен 2362,28-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 34,1% өсіп, Т214,6 млн. немесе $572,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KAZ Minerals PLC» АҚ (+0,9%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,5%), «KEGOC» АҚ (+0,4%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,6%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,8%), «Кселл» АҚ (-0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (-4,2%) акциялары төмендеді.

adimage