Жұма күні KASE индексі 0,15%-ға 2221,21–ге түсті

Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,15% -ға 2224,57 -ден 2221,21-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,9 есе түсіп, Т82,6 млн. немесе $213 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+2,4%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазақтелеком» АҚ(+1,8%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,6%), KAZ Minerals PLC (-1,6%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,4%) акцияларының бағасы түсті.

adimage